«Жыл құстары келгенде» ертеңгілігі

4 сәуірде №7 балалар кітапханада № 35 мектептің 1 сынып оқушыларымен  1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «Жыл құстары келгенде» ертеңгілігін өткізді. Мақсаты: балалардың бойында қанатты достарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

ЮНЕСКО-ның  «Адам және биосфера» бағдарламасы аясында  Халықаралық құстар күні жыл сайын өткізіледі,  өйткені 1906 жылғы 1 сәуірде құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға  қол қойылды.  Халықаралық құстар күні —  жыл құстарының біздің елімізге ұшып келетін уақыты,  сондықтан бұл  күн мереке ретінде аталып өтіледі.

Балалар құстар туралы жұмбақтар шешіп,  сөзжұмбақтың сұрақтарына жауап берді,   викторинаға белсенді қатысты және осы тақырыптағы мақал-мәтелдерді еске түсірді.  Сондай-ақ табиғат туралы өлеңдер оқылды.  «Құстарға қамқор болайық» бейнеролигі көрсетілді. Шара соңында  конкурстың қорытындысы шығарылып, «Жыл  құстары келгенде» атты кітап көрмесіне  шолу жасалды. Қатысқан – 28 адам.

Комментарии запрещены.