«Құстар – біздің досымыз» танымдық ойыны

4 сәуір күні №6 балалар кітапханасы қызметкерлері №31 балабақша бүлдіршіндеріне Халықаралық құстар күніне орай «Құстар — біздің досымыз» атты танымдық ойын бағдарламасын өткізді.

Мақсаты: бүлдіршіндердің табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық  тіршіліктің бастауы — көктемнің ерекшелігін байқату. Сонымен бірге олардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу. Отанын, жерін, орманын, көлін сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Алдымен бұл мерекенің пайда болу тарихы, жалпы табиғат туралы және табиғатты қорғау қажеттігі туралы айтылды.

Жүргізуші әртүрлі құстардың суреттерін көрсетіп, балалар сол құс туралы білетіндерін, ата-аналарымен табиғатқа, құстарға қандай қамқорлық жасайтынын айтты. Балалар құстар өмірінен кішігірім көрініс көрсетті. Қонақтардың назарына «Құстар туралы қызықты фактілер» атты слайд презентация ұсынылды және құстар туралы жұмбақтар жасырылды. Дауысына қарап қай құс екенін ажыратты. Іс-шара соңында  кітап көрмесіне шолу жасалды. 31 адам қатысты.

Комментарии запрещены.