Кітапханадағы ақпарат күні

30 наурызда П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері техника-экономикалық және гуманитарлық колледждердің студенттеріне Халықаралық театр күніне орай ақпарат күнін өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашылар А.Е. Журсунова мен Н.Н. 

Чирикова Халықаралық театр күнінің шығу тарихы туралы әңгімеледі, Ж.Аймауытов
атындағы қазақ музыкалы драма театрының және А.Чехов атындағы орыс драма
театрының таңдаулы әртистерімен таныстырды.

1961 жылы Венада Халықаралық театр институтының 9
конгресінде 27 наурыз Халықаралық театр күні болып белгіленді. «Театр» сөзі
көне гректің
theatron (θέατρον) деген сөзінен алынған. Ол «көру орны» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы театрлық қойылым біздің дәуірге дейінгі 2500 жылды межелейді. Ал тұңғыш театр ойыны Египетте болған. Көне Грекияда кейде ойын бірнеше күн қатарынан өткен. Көрермен тамақтарын бірге ала келген. 

Халық дөңнің басына шығып отырған, ал ойын ортада шөптің үстінде болған. 1961
жылдан бастап 27 наурыз бүкіл әлемде Халықаралық театр күні ретінде аталып
өтілген. 
Сонымен бірге ақпарат күнінде осы тақырыпқа викторина
өткізіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. 38 адам қатысты.

WhatsApp-Image-2018-04-03-at-13.53.32-1.th.jpg WhatsApp-Image-2018-04-03-at-13.53.32.th.jpg

Комментарии запрещены.