Виртуалды саяхат

30 наурызда П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері балалар кітабының апталығы шеңберінде Осипенко отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерейгер жазушы Сергей Михалковтың шығармалары бойынша виртуалды саяхат өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашылар Махаббат Кобжасаровна Мазуренко мен Ақмаржан Дамыс Дамысовна кітап мерекесінің шығу тарихы туралы әңгімеледі, балалар жазушысы С.Михалковтың өмірімен және творчествосымен таныстырды, балалар назарына «Дядя Стёпа» слайд-презентациясын ұсынды.

Бұдан кейін жазушы шығармалары негізінде викторина мен конкурс өткізілді. Әсіресе балаларға көрермендермен бірге ұйымдастырылған ойын-сценка қатты ұнады. Ал келесі тапсырма бойынша түрлі мультфильмдердің әндерінен үзінді беріліп, оны атау керек болды. Шара соңында С.Михалковтың шығармасы желісінде түсірілген «Как старик корову продавал» мультфильмі көрсетілді. 16 адам қатысты. 

IMG-20180330-WA0002.th.jpg IMG-20180330-WA0006.th.jpg IMG-20180330-WA0013.th.jpg

Комментарии запрещены.