4 сәуірде №7 балалар кітапханада № 35 мектептің 1 сынып оқушыларымен 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «Жыл құстары келгенде» ертеңгілігін өткізді. Мақсаты: балалардың бойында қанатты достарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы аясында Халықаралық құстар күні жыл сайын өткізіледі, өйткені 1906 жылғы 1 сәуірде құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Халықаралық құстар күні — жыл құстарының біздің елімізге ұшып келетін уақыты, сондықтан бұл күн мереке ретінде аталып өтіледі.
Балалар құстар туралы жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақтың сұрақтарына жауап берді, викторинаға белсенді қатысты және осы тақырыптағы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Сондай-ақ табиғат туралы өлеңдер оқылды. «Құстарға қамқор болайық» бейнеролигі көрсетілді. Шара соңында конкурстың қорытындысы шығарылып, «Жыл құстары келгенде» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқан – 28 адам.