Сүлеймен Баязитов | «Жүрегім сыр шертеді»

Желтоқсанның 10 күні «Колос» мәдени-сауық орталығында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Журналист, ақын, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі С. Баязитовтың 75 жылдығына орай «Жүрегім сыр шертеді» атты шығармашылық кеші өтті.  Кештін шымылдығын арнау өлеңімен ақын, көркемсөз шебері Айбек Оралхан ашты.  Жүргізушілер ақынның шығармашылығы жайлы мәлімет беріп, кеш қонақтары жылы лебіздерін білдірді.  Мерейтой иесіне арналып өлең оқылып, ән-бимен шашу шашылды.

Комментарии запрещены.