«Тәуелсіздік сатылары»

Желтоқсанның 10 күні  №4 балалар кітапханасының мерекелік безендірілген оқу залында №2 орта мектептің 5-сынып оқушыларына   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік сатылары» атты  тарихи альманах өткіздік. Іс-шараның мақсаты: балалардың  патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, тәуелсіз еліміздің тарихымен мақтана білу, Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік сезімін ояту, мерекелік көңіл-күйді көтеру.

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен ашылды. Кітапханашылар жиналғандарды келе жатқан мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 28 жыл бұрын бүкіл әлемге жаңа тәуелсіз Қазақстан  туралы хабар таралды, ол — Қазақстан Республикасы. Оқушылар өз елінің тарихымен танысты, «Тәуелсіз ел» бейнеролигін қарап шықтыі, «Менің Отаным — Қазақстан» кітап көрмесі бойынша кітапханашы Мамбетова Ләззат Сайлауқызы  шолу өткізді. Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқыды,  Отан туралы мақал-мәтелдер сайысына белсенді қатысты және «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» викторинасының сұрақтарына жауап берді. 25 оқушылар қатысты.

 2 

Комментарии запрещены.