«Тәуелсіздік — тұғырым»

11,12 желтоқсан  күндері с. 11.00-де №2 балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №42 ЖОББМ  5«А», 6 «В» сыныптарына арналып  «Тәуелсіздік — тұғырым» атты арнау кеші өткізілді.

Кеш басында оқушылар назарына «Желтоқсан желі ызғарлы» бейнематериалы ұсынылды. Бейнематериалдан соң тәуелсіздік жолындағы қазақ тарихына шолу жасап, «День независимости Казахстана — главный национальный праздник Республики Казахстан» слайд-презентациясы көрсетілді. Осыдан кейін «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» кітап көрмесіне шолу жасалды. «Тәуелсіздік күні» бейнематериалымен арнау кешімізді қорытындыладық. Кеш соңында «Мен қазақпын» челленджін жалғастыру мақсатымен сынып оқушыларымен бірге «Мен қазақпын» әні орындалды.


Комментарии запрещены.