«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» ой бөлісу сағатының

11 желтоқсанда М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері коворкинг орталығында № 1 мектептің 5-6 сынып оқушыларына тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» ой бөлісу сағаты өтті.

Жүргізушілер Ж. Дәуітхан. мен А. С. Айтмағамбетова кіріспе сөзінде Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы әңгімеледі. Еліміздің әнұраны орындалып, шара барысында Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екені айтылып, желтоқсан көтерілісіне қатысқан, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалардың өмірбаяны айтылды. Қ. Рысқұлбековтың бейнебаян көрсетіліп, оның «Ақтық өлеңін» оқушылар оқыды. №1 мектептің 5 сынып оқушылары Алдаберген Қарлығаш пен Серік Алуаның орындауында «Қазақтың ерке қызымын» әні орындалып, «Тәуелсіздік күні» атты слайд көрсетілді. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойылып олардың  ойларымен бөлісіп, «Тәуелсіздік»  сөзжұмбақғы шешілді. Шара соңында  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» кітап көрмесіне шолу жасалып, «Жаса, Қазақстан!» әнімен іс-шара аяқталды.

Іс-шара мемлекеттік тілде өткізілді.

Комментарии запрещены.