Жаңажылдық қар каруселі

Қысқы каникул кезінде №5 балалар кітапханасы №33 мектептің 2-6 сыныпта оқитын оқушыларына қар каруселі танымдық бағдарламасын өткізді. Шараны жүргізген кітапханашы Бахыт Габдулгариповна Елемесова «Жаңажылдық ертегі» танымдық әңгімесінде балаларды сиқырлы мерекенің тарихымен, басқа елдердің салт-дәстүрімен таныстырды. Балалар көңілді жаңажылдық викторинаға белсене қатысты. Қысқы ертегілерді еске түсіріп, қысқы табиғаттың құбылыстарын әңгімеледі. Табиғат туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Сондай-ақ балалар жаңажылдық қызықты мультфильмдерді тамашалады. Көңілді шараға 9 бала қатысты. 

E67YOZxcj5I.th.jpg eFyCEvJ00EA.th.jpg

Комментарии запрещены.