«Гигиена ханшайымында қонақта» ойын бағдарламасы

10 қантар күні Орталық балалар кітапханасында «Гигиена ханшайымында қонақта» атты  ойын-танымдық бағдарламасы өтті. Бұл күні кітапхананың қонағы ретінде №5 мектептің 4 сыныпта оқитын 22 оқушысы болды. Іс-шара денсаулық пен тазалық туралы әңгімемен басталды. Балалар жеке гигиена деген не екенін өз сөздерімен жинақтап талқылады. Шараны жүргізген кітапханашылар Е.Ю.Борякина мен С.Д.Нұрғалиева Э.Мошковскийдің «Дәрігер», В. Бредихиннің «Микроб, тағы да микроб», Р. Куликовтың «Таза тістер» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, балалармен әр түрлі сұрақ-жауаптар, ойындар өткізді. Оқушылар қуана-қуана жұмбақтардың жауаптарын тиісті заттар арқылы тапты. Әр түрлі кеңестер оқылып, балалар дұрыс не қателігін анықтады. Балалар белгілі балалар ақыны Г. Остердің «Зиянды кеңестер» өлеңін тыңдап, «Жеке гигиена ережелерінің» жалғасын тапты. Кітап көрмесіндегі салауатты өмір салты туралы кітаптармен танысты. «Тазалық — денсаулық кепілі» атты қуыршақ қойылымы көрсетілді. Іс-шара кітапханаға экскурсиясымен аяқталды. 

1b328ecc7636bd5d4.th.jpg IMG-20180111-WA0004.th.jpg

Комментарии запрещены.