«Ертегілер елінде» жаңажылдық ойын бағдарламасы

5 қаңтарда  қысқы каникул аясында № 8 балалар кітапханасының қызметкерлері «Балшуақ» клубының оқушыларына «Ертегілер елінде» атты жаңажылдық ойын бағдарламасын өткізді. Кішкентай оқырмандар назарына кітапхананың оқу залында «Жаңа жыл ертегісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқу залы мерекеге сай безендірілді.

Ойын барысында   көптеген сайыстар, ойындар, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, жұмбақтар жасырылды.  Олардың бірі ойлай білуге арналса, енді бірі қимылды ойындар арқылы өздерінің ептіліктерін, мергендіктерін, жылдамдықтарын көрсетуге бағытталды. Сондай-ақ оқылған үзіндіден  оның қалай дұрыс  аталатынын табу керек болды. Іс- шара ертегілерді дауыстап оқумен аяқталды.  Қатысқан 20 адам.

Комментарии запрещены.