«Жаманбалинов оқулары»

19 қазан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық білім беру бөлімі бірлесіп балалар жазушысы, ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жаманбалинов оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізді. Қазылар алқасының құрамы: Жұматов Ғалымбек Сағымбайұлы – жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Құрмет орденінің иегері, комиссия төрағасы. Комиссия мүшелері: Нұғыман Мейрам Төлегенұлы — Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі, Байғалы Шолпан Байғалықызы – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Павлодар облысының Құрметті азаматы, Сатыбалдин Серік Қинаятұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудармашы, Аққулы ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары. Ағымдағы жылы байқауға Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары арасынан 32 оқушы қатысты. Байқаудың жеңімпаздары: ІІІ орын №41 ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Хасеин Зере, ІІ орын № 17 ЖОББМ-нің 2 сынып оқушысы  Айдарғали Тұрар, І орын №31 ЖОББМ-нің 2 сынып оқушысы Ерғалиқызы Жәннат. Бас жүлдені  М. Жүсіп атындағы ЖОББМ-нің 1 сынып оқушысы Айтжан Алтын жеңіп алды. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Комментарии запрещены.