«Тағдырымыз да, тілегіміз де — бір»

18 қазан күні № 2 балалар кітапханасы 8-ші шағын ауданының ардагерлер кеңесімен бірлесіп Рухани келісім күніне арнап «Тағдырымыз да, тілегіміз де — бір» атты диалогтық кездесу өткізді. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға-рухани келісімінің алғашқы әлемдік конгрессі өткен 1992 жылдан бастау алады. Өйткені, 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін Рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Ардагерлер кеңесінің Төрағасы Сапарбек Маусымбаевтың ұйымдастыруымен іс- шараға «Ақ мешіт» мешітінің наиб имамы Бейсенбин Ерболат Қасенұлы, католиктер шіркеуінің басшысы Бортчак Томаш Павел және Архангел Михаил шіркеуінің қызметкері Владимир Брюханов деген азаматтар шақырылды. Олар өздерінің тыңдырып жүрген жұмыстары жайлы ақпарат беріп, жиналған қауымды татулыққа, мейірімділікке шақырды.

Комментарии запрещены.