«Бала жанының бағбаны»

20 қазан күні Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында ақын Қазақстанның халық жазушысы, Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бала жанының бағбаны» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейімдік мектебінің 5 «а» сыныбының оқушылары қатысты. Ұйымдастырылған шарада жерлес ақынымыздың өмірбаянымен, балалық шағы, шығармашылығы жайлы айтылды. Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. Туған жеріне арнап О, Маралдым, Маралдым әнін тарту етті. Оқушылар ақын, жазушыға арналған көрмемен тамашалады.

Комментарии запрещены.