«Жалығуға уақыт жоқ» ұлттық ойындар жарысы

№10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Көрші» жобасын іске асыру мақсатында «Жалығуға уақыт жоқ» ұлттық ойындар жарысы болып өтті.

Жарысқа қатысушылар тұрақты оқырмандар мен кітапхана көршілері. Жүргізуші  — кітапханашылар: Н.И. Пихлик,  Т. Магмурова. Р. Займолда алдыменен қазақтың ұлттық ойындары туралы, шығу барысын, түрлерімен таныстырды. Ұлттық ойындар ішінен бүгінгі жарыс барысында өткізілетін: «Омпы», «Білектесу», «Шеңберден шығару», «Арқан тарту» ойындарына ерекше тоқталып өтті.  Ойынның ережелерімен таныстырып, шарттарын түсіндірді. туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезім қалыптастырды. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой — өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, мінез-құлықты жетілдіруге ықпал етеді.

«Ауласы бірдің – ауасы бір» дегендей шараға аула балалары өте белсенді қатысты. Кітапхананың коворкинг орталығында  денешынықтыру, спорт саласына арналған кітаптардан кітап көрме ұйымдастырылды. Жүргізушілер қатысушыларды топтарға бөліп , реттік қатарларын анықтады. Алдыменен балалар арасында асық ату ойынын өткіздік. Асық ату ойынының түрлері өте көп, соның ішінен адам жанын шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке тәрбиелейтін ойындардың бірі – Омпы. «Омпы» ойынына көбінде ер балалар қатысты. Барлығы дерлік тізіліп тұрған асықтар арасынан «омпы» асығына тигізуге тырысты.

Келесі ойынымыз – білектесу, кол күресу. Бұл ойынға ұлдар да, қыз балаларда қатысты. Білек күшін сынаған қатысушылар арасынан бір жеңімпаз соңына дейін қалып, өзінің басымдылығын көрсетті.

Арқан тарту  ойыны  жаздыгүні көгалда ойнауға болады, бірақ орталығымызда өткізілген арқан тарту да балалар көңілінен шықты.  Екі топқа бөлінген балалар арқан тартысты. Оқушылардың сұрауы бойынша бұл тартыс бірнеше рет қайталанды.Коворкинг орталығында тоғызқұмалақ, асық ойындарынан  — «бес асық», шахмат ойындары сайыстан тыс өтіп жатты.

Шара соңында жеңімпаздарды марапаттап,мақтау қағаздары табысталды. Барлық қатысушыларға  ынталандыру сыйлықтары ұсынылды. Асық ату – «Омпы» ойыны бойынша Ким Рома, «Білектесу» сайысы бойынша – Запороженко Сергей, «Шеңберден шығару» жарыс бойынша – Мейрамханов Диас, шахматтан – Сарбаев Олжас, қыздар арасынан белсенділік танытқан – Русанова Валерия марапатталды.Қатысушылар саны 28 адам.

Комментарии запрещены.