«Тамаша Жер келбеті» ғарыш сағаты

12 сәуір күні Орталық балалар кітапханасының Коворкинг орталығында «Альрами» клуб үйі ҚБ мүшелері үшін Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған «Тамаша Жер келбеті» ғарыш сағаты өткізілді.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина «Ежелгі адамдар санаған…» атты өлеңін оқып, «Дедал мен Икар» туралы аңыз туралы әңгімеледі. Содан кейін  «Ғарыштық жұмбақтар» конкурсының сұрақтарын шешіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағының бастапқы алаңынан саяхат жасауды ұсынды.

Бұдан әрі бірінші ғарышкер Юрий Гагариннің ұшу тарихы туралы айтып берді; алғашқы қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың тағдырымен таныстырды. «Юрий Гагариннің Ұшуы» және «Тұңғыш ғарышкермен сұхбат», «Қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров» және «Талғат Мұсабаев ғарышта» атты бейнероликтер жүргізуші сөзін толықтырды.

Одан әрі бағдарламада: Күн жүйесінің планеталарымен танысу; ғарышкерлердің сүйікті әндерін бірге орындау «Үйініздің алдындағы  шөп»; «Жұлдызды» сұрақ жауап ойыны; «Тап-ка» виртуалды сұрақ-жауап ойыны; «Ғарыш жолы — қиын жол» кітап көрмесіне шолу және «Айға ұшу» мен «Ну, погоди» (14 бөлім) мультфильмдерін көру болды. Қатысқандар-25 адам.

Комментарии запрещены.