«Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» этнокездесу

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №19 ЖББМ 7-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Көрші» жобасы  концепциясы шеңберінде «Салт- дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты іс-шара өткізді.

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Қазақ халқы салт — дәстүрге өте бай халық. Ал салт — дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт-дәстүрлер мен ырымдар халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Салт — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.  Қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп, соның ішінде отбасы, жас отау,  қыз тәрбиесіне байланысты, ұмыт болып бара жатқан қазақтың «Ерулік беру», «Бастанғы», «Енші беру», «Босаға майлау», «Қызды оң босағаға отырғызу»  салттары жайлы айтылып,  бейнефильмдер көрсетілді.

Шара қонақтары  «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері: ақын Сайрангүл Гариполлақызы Джусупова, Шолпан Еркенқызы Абдыгалимова, Бақыт Еркенқызы Абдыгалимова: «Сүйінші», «Бастанғы», «Асық ату»  ата-салт дәстүрін көрсетіп, ән шырқалып, шашу шашылып, бата берілді.Кітап көрмесі ұйымдастырылды..

Шара соңында «Сіз дәстүрді білесіз бе?» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді.Іс-шараға 35 адам қатысты.

Комментарии запрещены.