«Замана құндылықтары» атты толеранттық қарым-қатынас сағаты

30 қазан күні кітапхананың коворкинг орталығында Рухани келісім күніне орай №24 ЖОМ 5-10 сыныптары мен тұрақты оқырмандары үшін «Замана құндылықтары» атты толеранттық қарым-қатынас сағаты болып өтті. Шараны қазақ және орыс тілдерінде кітапханашылар —  Т. Магмурова,  Н.Пихлик өткізді.

Алдыменен тыңдармандар үшін «Константа духовного согласия» атты бейнефильм көрсетілді. Бейнефильмнен бүгінгі шара жайында қысқаша мәлімет берілді. Қоғамдағы сан түрлі болып жатқан жағымсыз іс-әрекет пен құбылыстардың барлығы келісім мен тұрақтылық болмаған жағдайда туындайтынын дәлелдеді. Рухани келісім  -соқтығыстар мен төңкерістерге татулық пен  келісім тудыруға шақыратын күн. Бұл күннің бастамасы болып 1992 жылы Алматыда өткен барлық дін өкілдерінің бас қосқан Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінен кейін қабылданды.

Арығарай балалар жүргізушілермен бірге «толерантты» сөзінің мағынасын түсіндіруге тырысып «толерантты тұлға» деген кім екенін нақтылады. Жүргізушілер 18-19 ғасырда Францияда өмір сүрген, шетел минстрі болып жұмыс істеген Талейране Перигоре туралы мәліметтер берілді.

Толеранттылық туралы әңгімені Қазақстанда өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар арасындағы татулықты мысалға ала отырып жалғастырды. Бір шаңырақ астында бір атаның баласындай өмір сүріп жатқан басқа ұлттар өкілдері әрдайым қазақ ұлтына деген ризашылықтарын білдірумен келеді. Осының барлығы қазақстан халқының толеранттылығы деген біртұтас сөзбен танылады.

          «Барлығы өз ізін қалдырады» деген орыс халқының мысалы бар. Жүргізушілер қақпаға қағылған шеге мәңгілікке өз ізін қалдырған сияқты реніш пен өкініш  адам жүрегіне жазылмас ауыр із түсіріп жанды жаралайды. «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» деген осы шығар.

Естіген білгенін естерінде сақтау үшін жиналған балалармен толеранттылық гүлін құрастырды. Гүл сызылып әр күлтесіне толеранттылыққа жататын сөздерді жазу ұсынылды. Балалар: бейбітшілік, достық, мейірімділік, достық деп толықтыра түсті. Содан кейін барып толеранттылық ағашын өсіру мүмкіншілігі туды. Әр оқушы қағаздарға сыныптары мен мектептеріне, қалаға, туып өскен мемлекеті құлпырып өркендеу үшін не керек екенін жазып ағашты «өсіріп, құлпырта» түсті.

Ағаш бұтақтары: «Бір- біріңе көмектес», «Әлсіздерді қорғау», «Бір-бірін түсінуге тырысу», «Құрметтеу» сияқты сөздермен толықтырылды.  Кітапхана қорынан әдебиеттерді тамашалаумен аяқталды.

Комментарии запрещены.