«Абай күзі»

Қазанның 30 күні 4 б/кітапханасының қызметкерлері №43 орта мектептің кітапханашысымен бірге 4 сынып балаларына «Абай күзі» атты әдеби сағатын өткізді. Шара ұлы ақын-ағартушы, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевқа арналды. Жүргізушілер-кітапханашылар келесі жылы ұлы ақын Абайдың 175-жылдығы тойланады деп екі тілде айтты. Сол мәнді датаның қарсаңында әр түрлі іс-шаралар жүргізілуде.

«Көзімнің қарасы» әнінің әуенімен кітапханашылар ақын-ағартушы Абай Құнанбаетың өмірі мен шығармашылығы туралы, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлкен үлесі туралы айтты.

Көркем прозаның және қоғамдық ой-сананың дамуына Абайдың «Қара сөздері» едәуір үлесін қосты. Автор гуманистік идеалдардың жеңісіне, туған халқының шексіз мүмкіншіліктеріне сенеді. Оқушыларға бірнеше Абайдың «Қара сөздері»  және «Жаз», «Күз» т.б. шығармалары оқылды.

4 сынып оқушылары Абайдың портретін салып, сурет сайысын дайындады.  Шараға «Сөз асылы — Абай» атты кітап көрмесі безендірілді. №43 орта мектебінің кітапханашысы Абайдың шығармашылығы бойынша викторина өткізді. Балалар қызығушылықпен тыңдады және барлық саиыстарға белсене қатысты. Шараның аяғында естелік ретінде барлығымыз суретке түстік. Қатысқан 18 оқ.

Комментарии запрещены.