«Теңге – Қазақстанның ұлттық белгісі»

Қарашаның 11 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында №43 орта мектептің 8 сынып оқушыларына Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – Қазақстанның ұлттық белгісі» атты кездесу өткіздік. Кездесудің қонағы  Ұлттық Банктің қызметкері Жүсіпова Светлана Мұратбекқызы болды. Шараның мақсаты: ұлттық валютаның тарихы туралы айту, елдің экономикасында және жеке адамның өміріндегі теңгенің ролі және маңызы, елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін патриотизм және мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Ұлттық Банк – бірінші деңгейдегі банк. Ұлттық Банктің қызметкері Жүсіпова Светлана Мұратбекқызы 1993 жылдың 12 қарашасы күні ҚР Президентінің  «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлығы шыққанын айтты. 1993 ж. қарашаның 15 күні кеңес рублі теңгеге ауыстырылды, бұл күн ресми түрде Ұлттық валюта Күні деп есептеледі.

Светлана Мұратбекқызы теңгенің аталуы тарихы туралы, 18 қорғау дәрежелері туралы және қазақстандық ақша қандай екені туралы айтты. Балалар бірінші ақшалар Ұлыбританияда, ал тиындар Германияда басылып шыққанын білді. Слайдтар арқылы балалар алғашқы теңгелер мен тиындар қандай болғанын көрді, ұлттық валютаның дизайнерлердің аттарын білді.

«Теңге тарихы» викторинаның сұрақтарына балалар дұрыс жауп берді. Оқушылар ақша туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ақшаға байланысты жоралғылармен бөлісті. Светлана Мұратбекқызы кітапханаға Қазақстан ұлттық валютасының 25-ж. мерейтоиына басылып шыққан «Қазақстанның монеталары – Монеты Казахстана» атты каталог сыйлады. Осы каталогта 1993 ж. бастап 2018 ж. дейін ҚР Ұлттық Банк шығарған  тиындар туралы барлық ақпарат жиналған. Оқушылар каталогты қызығушылықпен қарап шықты. Кітапханашы Мухутдинова Н.К. «Ұлттық валюта – теңге» атты кітап көрмесінен шолу өткізді. 28 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.