Ұстаздар күніне орай кітапханамызда қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, аудармашысы, әйгілі «Ұстазым» әнінің авторы Аманжол Шамкеновтің келіні Алибаева Назым Жұмабековнамен тағылымды кездесу өтті. Музыкалық сағат барысында қонақтар ақынның шығармашылығы, өмір жолы және көпшілікке сүйікті «Ұстазым» әнінің шығу тарихы туралы қызықты әңгімелер тыңдады. Әннің тарихы мен оның авторының ұстаз еңбегіне деген құрметі ерекше әсер қалдырды. Кездесуге «Жас Толқын» балалар және жасөспірімдер клубының ұстаздары арнайы қонақ болып қатысты. Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, жүрекке ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін ұлы тұлға. Осындай тағылымды кездесулер ұстаз еңбегінің қадірін арттырып, рухани мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.















