5 қазан күні №2 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың 115-жылдығына орай «Өмір сыры» поэзия сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында балалар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысты, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы білді. Кітапханашы Қасым Аманжоловтың өмір жолы, оның Отанға, табиғатқа, халыққа деген сүйіспеншілігі туралы айтып берді. Қасым Аманжоловтың поэтикалық шығармашылығына ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар ақынның «Дариға, сол қыз», «Өзім тұралы», «Туған жер», «Ақын өлімі тұралы аңыз» шығармаларымен танысып, өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Қасым Аманжоловтың поэзиясы арқылы балалар оның шығармашылығының терең патриоттық және лирикалық мотивтерін сезіне алды. Іс-шара соңында ақынның шығармашылығы бойынша викторина өткізіліп, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, танымал шығармаларды еске алды. Іс-шараға Қ. Аманжоловтың кітаптары, өлеңдер жинақтары, оның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
















