«Ұл -ұлттың қорғаны»

6 қазан күні Малайсары батыр атындағы мектептің 5 сынып оқушыларына «Ұл -ұлттың қорғаны» тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының ұлттық тәрбиесі, салт-дәстүрі мен отбасылық құндылықтары туралы мағыналы ақпарат берілді. Ұл баланың отбасындағы орны, «шаңырақ иесі» ретіндегі жауапкершілігі, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар тәрбие сағатына белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, ар-намыс, адамгершілік және азаматтық жауапкершілік туралы пікір алмасты. Шара барысында оқушылар «Жалғасын тап» ойынында мақал-мәтелдерді жалғастырып, білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар «Ата көрген оқ жонар» сұрақ-жауап ойынына белсене қатысып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрге қатысты білімдерін толықтырды. Тәрбие сағатының соңында тәрбиенің бастауы – отбасы екенін насихаттайтын «Тәрбие отбасынан басталады» және «Бағыңды бағала» бейнебаяндары көрсетілді.

Комментарии запрещены.