15 қазан – Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай кітапханамызда «Ізгі істер иесі – еңбекқор әйел» атты әжелермен кездесу өтті. Кездесуге «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ-нің Кенжекөл бөлімшесінің апалары Гүлбаршын Рысхановна Баженова, Күпан Ханафияқызы және Алима Исақызы Мадиярова қатысып, еңбекқор әйел бейнесін өз өмірлерінен мысал келтіре отырып әңгімеледі. Апалар бос уақыттарында қазақтың ұлттық қолөнерімен айналысатынын айтып, кесте тігу, тоқыма тоқу, ою ойып, көрпе тігу өнерлерін көрсетті. Оқушылар да әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу барысында еңбекқорлық, шеберлік, ұлттық өнерді дәріптеу және ұрпаққа өнеге көрсету тақырыптары кеңінен сөз болды.

















