12 қазанда Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушыларына композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Халық композиторы» атты музыкалық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Композитордың қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі туралы айтылды. Оқушылар назарына тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, тақырып бойынша білімдері толықтырылды.

















