«Ұлы даланың ұлы перзенті»

23  қаңтарда № 21 ЖОБМ  мектеп кітапханасында 9 «Б» сыныптың 22 оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Ілияс Есенберлиннің 105 –жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы перзенті» әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты:  оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру,

І. Есенберлиннің шығармаларына деген қызығушылығын қалыптастыру, оны оқуға ықпал ету.

Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балаларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы 20 қызықты деректер оқылды. Әңгіме барысында слайд-презентация мен «І. Есенберлиннің ғұмырлық жолы» бейне жазба көрсетілді. Кітапханашысы Ілияс Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары жайында қысқаша баяндап өтті. Оқушылар «Көшпенділер» фильмінен үзінді көріп,  «Көшпенділер» кітабымен танысты. Сондай-ақ қатысушылар «Көшпенділер» трилогиясынан  үзінділер оқыды. «Қыздарының  естелігінен» бейнефильмінен жазушының қыздары әкелері жайлы қызықты деректер айтты. Шара соңында «Тарихи романның шебері» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.