«Бүгінгі ұстаз келбеті» атты сторителлинг

2020 жылы 23 қаңтарда М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  шеңберінде ұлы ғалым, энциклопедист, данышпан философ, әдебиетші – ақын, математик, медицина, астрология, логика, тіл білімі ғылымдары бойынша көптеген құнды ғылыми еңбектер қалдырған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып «Бүгінгі ұстаз келбеті» атты шара өткізілді. Шараға Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курстың 34 студенттері қатысты. Шара барысында С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің филология ғылымының кандидаты, профессор, академик, қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі Зейнуллина Айман Файзуллақызы және филология ғылымының кандидаты, қазақ филология кафедрасының профессоры Мүтәлипова Раушан Мамырқызына сөз берілді.

Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін ұстазды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші қазіргі мұғалім «мәңгі нұрдың қызметшісі».

Қонақтар келешек ұстаз болатын студентерге Бүгінгі ұстаз қандай болу керек? деген сауалға жауап беріп, жастарға ұстаз мәртебесі, оқушы мен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімеледі.

Шара барысында жүргізушілер оның өмір жолынан, ғылымға қосқан үлесінен сыр шертіп, Абу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтер топтастырылған қысқаша «Әл-Фараби өркениеті» бейнебаян көрсетілді.

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студентері  Амангельдинова Дильназдың  орындауында «Көңіл толқыны» күйі және Баркеш Аружанның орындауында «Қазақ елі осындай» әні орындалды. Шара соңында «Әл-Фарабидің асыл мұралары» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалып, келген қонақтармен студенттер естелік ретінде суретке түсті.

Комментарии запрещены.