«Ертегі қаһармандары әлемі» әдеби каруселі

22 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде № 96 балабақшаның «а» және «б» мектепалды тобының балаларына арналған «Ертегі қаһармандары әлемі» әдеби каруселі өткізілді. Мақсаты: ауызша халық өнерімен және ертегілерімен таныстыру.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина балаларға ертегінің ауызша халық өнері және оны халықтың өзі шығарып, ауызша таратып отырғандығын, ертегілердің халықтық және авторлық болып табылатындығын айтты. Содан балаларға «Правильно-неправильно» ойынын өткізуді ұсынды. Бұл ойында олар оқылып отырған ертегілердің атауларын түзетіп отырды. Және де «Слова героя сказки» сайысында тәрбиеленушілер ертегілердегі танымал өлеңдерді немесе кейіпкерлердің бір-біріне айтқан сөздерін еске түсірді. Балалар шара жүргізушісімен бірге «Сочиняем сказку» атты ертегі-өлеңін мағыналы аяқтау ойынына қуана қатысты.

Шара «По щучьему велению» қуыршақ қойылымымен аяқталды. Қатысушылар саны – 43 адам.

Комментарии запрещены.