«Ұл тәрбиесі — ұлт тәрбиесі»

13 ақпан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Ұлттық тәрбие — болашақ кепілі» жобасы аясында «Ұл тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тәрбие сағаты өткізілді. Шараға «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Ермек Сағымбайұлы Жұматов, бірлестік мүшелері Аққу ауданының құрметті азаматы Қадыр Әжмұратұлы Әжмұратов, Ақсу ауданының құрметті азаматы Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов, Еңбек ардагері Қайырлы Ерғалыұлы Ерғалиев және №1 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басында кітапханашы қазақ отбасындағы ұлдарды тәрбиелеу негіздерін атап өтті. Ұл қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бойынша «шаңырақтың» қожайыны, — ата-ана ошағының қабылдаушысы болып табылады. Құрметті ақсақалдар табысты өмір сүру құпияларымен бөлісті: қазіргі әлем жағдайында қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігі; аға және кіші ұрпаққа қамқорлық пен құрмет көрсету. Балалар іс-шара тақырыбын талқылауға белсенді қатысып, қонақтарға қазіргі ұрпақтың ар-намысы мен қадір-қасиеті туралы сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушылар «Тәрбие отбасынан басталады», «Бағыңды бағала» бейнефильмдерін тамашалады.

Комментарии запрещены.