«Кино өнерінің майталманы»

2024 жылдың 13 ақпан күні с. 17.00-де облыстық «Кешкі кітапхана» жобасы аясында әйгілі қазақ актеры, режиссері, Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, біздің жерлесіміз, дарынды тұлға Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналып №2 балалар кітапханасында № 25 ЖОББМ 3 «Б» сыныбының оқушыларына «Кино өнерінің майталманы» портретті кеші өткізілді. Кітапханашы оқушыларды тұлғаның өмірбаянымен, өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырды, ұлттық театрдың, қазақ киносының дамуына үлкен үлесін қосқан мәдениет қайраткері екенін әңгімеледі.
Балалар «Шәкен Айманов- режиссер және кино актеры» көрме-инсталляциясы бойынша өткізілген шолуын тыңдап, фотосуреттер орналасқан баннерге назар аударды. Сонымен қатар олар бұрыңғының диапроекторы «Пеленг 500 К» қалай жұмыс істейтінің көріп, қызығушылық танытты. «Сұрақ-Жауап» ойынын ойнап алған білімдерін бекітті. Кітапханашы қазіргі қазақ киносында жаңа есімдер, Шәкен ата ісінің жалғастырушылары Ақан Сатаев, Сатыбалды Нарымбетов, Мақсат Оспанов, Медет Ілгедаев т. б. бар екенін айтты. Іс-шараның соңында жүргізуші Шәкен атаның киноларында туған жерге, қазақ халқының салт-дәстүріне, мәдениетіне деген туындаған сүйіспеншілік, оларды ешқашан ұмыт болдырмайтына сенім білдірді.

Комментарии запрещены.