«Оның есімі өлке тарихында»

2024 жылдың 12 ақпанында белгілі актер, режиссер, жерлесіміз Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің 8-сынып оқушылары арасында «Оның есімі өлке тарихында» атты әдеби сағат өтті. Кітапханашы қазақ киносының алтын қорына енген, күні бүгінге дейін экрандардан көрініп келе жатқан оннан астам жарқын, қызықты, ұмытылмас фильмдер түсірген ұлы актердің өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Актердің шығармасы бойынша кітап көрмесін дайындалды. Көрмеде Аймановтың шығармашылық және күнделікті өмірінен фотосуреттері бар журналдар ұсынылған. Шара актердің өмірі мен фильмдердегі рөлдері туралы слайд-презентациямен сүйемелденді.

Комментарии запрещены.