«Төлен Әбдік – қазақтың көрнекті жазушысы»

22 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы N 19 орта мектеппен бірлесіп, 7-сынып оқушыларына «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдік – қазақтың көрнекті жазушысы» кеш-портреті өткізілді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау, рухани мұраны сақтау, жастарды онымен таныстыру, отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, заманауи әдебиет пен поэзияға қоғамның қызығушылығын арттыру. Кеш-портрет белгілі драматург, жазушы және қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналды. Кітапханашы Төлен Әбдіков Мұхтар Әуезов жолын жалғастырған қазақтың атақты классигі, оның кітаптары әлемдік классикалық әдебиеттің үздік туындыларымен бір деңгейде екенін айтты. Кітап көрмесі кітапханашының әңгімесін толықтырды. Шара соңында балаларға «Қадір әке» бейнефильмі көрсетілді.

Комментарии запрещены.