«Парасат майданы»

22 мамыр күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойыша №40 мектептің 10 а сынып оқушыларына жазушы, драматург Т. Әбдікұлының «Парасат майданы» атты кітабына тұсаукесер өткізді. Кітапханашылар акцияның мақсат-міндеттері, жазушы және оның шығармалары туралы әңгімелеп, жазушының «Парасат майданы» кітабымен таныстырды. Кітапқа Т.Әбдіковтың әр жылдары тудырған романдары мен әңгімелері, алғаш рет орыс тілінде жарық көрген «Біз үшеу едік», «Ардагер» пьесалары енген. Оқушылар «Талант тағлымы» кітап көрмесімен және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету бөлімімен дайындалған ұсынылатын әдебиеттер тізімімен танысты. Қатысты 30 адам.

 

Комментарии запрещены.