«Мамандыққа шақырамын»

23 мамырда №3 көпшілік кітапханада Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері үшін «Мамандыққа шақырамын» маман күні ұйымдастырылды. Іс-шара мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында, оқырмандардың осы мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өтті. Кітапханашылар мәдени қызметкер мамандығының артықшылықтары туралы айтып, осы мамандықты алуға болатын оқу орындарымен таныстырды. Мәдениет үйінің маманы Г. Б. Сұңғатова өз жұмысы туралы айтып, әріптестеріне шын жүректен тілегін білдірді. Тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, ұсынылған әдебиеттерге шолу жасалды.

Комментарии запрещены.