«Есімі тарихтан мәңгі өшпес»

24.05.2023 ж. Орталық қалалық кітапханада атақты жерлесіміз, Құркөл ауылының тумасы, ақын, әнші, композитор Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай, Ақсу қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп «Есімі тарихтан мәңгі өшпес» атты музыкалық-әдеби кеш өткізілді. Ақсу тарихи-өлкетану және музей қорындағы И.Құтпанұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ақпарат бойынша көрме ұйымдастырылды. “Иманжүсіп пен Қажымұқанның кездесуі” атты қойылым көрсетілді. Мектеп оқушыларының орындауында И.Құтпанұлының шығармашылығынан “Япырым-ау”, “Болған жастан”, “Сейфіл-Мәлік” атты өлендері оқылды. Кеш соңында колледж студенттері мен оқушыларға Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысының міндетін атқарушы Г.Қ. Балакина алғыс хаттармен марапаттады.

Комментарии запрещены.