Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні

2023 жылғы 19 мамырда Павлодар қаласының Орталықтандырылған кітапханасында Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға кітапхана филиалдарының қызметкерлері шақырылды. Мерекені ОКЖ басшысының міндетін атқарушы Гульсара Кабдуллиновна Балакина әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, кітапхана саласында көп жыл қызмет еткен мамандарға Павлодар қаласы әкімдігі мен Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады. Мерекеге орай ұйымдастырылған шарада қатысушыларға кітапхана қызметкерлерінің әр уақытта атқарған жұмыстары туралы бейне жазбалар көрсетілді. Өз-ара сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, көп ұпай жинаған қызметкерлер сыйлықтарға ие болды.
Мерекелеріңіз құтты болсын мәдениет саласының қызметкерлері!

Комментарии запрещены.