«Тіл қазынасы – Кітап»

21 сәуірде № 3 көпшілік кітапхананың қызметкерлері №33 орта мектептің 4 сынып оқушыларымен «Тіл қазынасы – Кітап» әдеби ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың сөздік қорын байыту, зейінді оқырман мен кітапқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар әңгімелер мен ертегілерді мұқият тыңдады. Шара соңында айтылған ертегі-әңгімелерден: шифрланған атаулары бар жұмбақтар шешті, әріптерден сөздер жасады. Балалар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындады, ойыннан жағымды көңіл-күй алып қана қоймай, өздері үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді. Қамту 40 адамды құрады.

 

Комментарии запрещены.