Ұлы даланың ұлы ойшылы

20 сәуір күні сағат 12.00-де кітапханада көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы ойшылы» тарихи танымды сағаты өткізілді. Мақсаты: Халқымыздың аяулы да ардақты ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға үлгі ету, поэзиясының қадір-қасиетін сезіндіру, көзқарасы арқылы оқушыларды адамгершілікке, биікке ұмытылуға  тәрбиелеу. Кітапханашы А.М. Бейсенова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді және «Ақында сыр болмайды айтылмайтын» кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар мол мұрасы жайлы бейнебаян көрсетіліп, бейне көрсетілімде қазақ хандарының тарихи деректеріне негізделген Мәшһүр Жүсіптің жазбаша мұрасының ерекшеліктері туралы білді. Шара мектеп оқушыларымен өткізілді.

Комментарии запрещены.