«Мамандықтың бәрі жақсы»

Мамандық таңдау – жас жеткіншек өміріндегі болашақ өмір жолын айқындайтын шешуші сәттердің бірі. Сәуір айының 24-і күні облыстық балаларды қолдау орталығының жоғары сынып оқушыларымен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты танымдық сағаты өткізілді. Оқушылармен кездесуге орталықтың психологы Екатерина Олеговна Датчук шақырылды. Ол балаларға өз мамандығының кандай екенін айтып берді. Іс -шара барысында балалар қай мамандық кімге қолайлы, блиц-турнирдің сұрақтарына жауап берді, мамандық таңдау туралы пікірталасқа белсене қатысты. Соңымен қатар, балалар кітапханашы мамандықпен танысты.

Комментарии запрещены.