Тіл – адамзаттың ұлы жаратылысы

27 қыркүйек күні N 43 мектептің 9 сынып оқушылары үшін «Тіл – адамзаттың ұлы жаратылысы» атты әдеби-танымдық сағаты өткізілді. Қазақстанда бір-бірінің салт-дәстүрін құрметтейтін ондаған түрлі халықтар бірге тұрады. Сондай-ақ қазіргі қоғамның маңызды міндеті – үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру. 9-сынып оқушылары «Аудармашылар», «Мақал-мәтелді аяқта», «Сөзді әдеміле», «Тұрақты сөз тіркесін түсіндір», «Сұхбат», «Полиглот» сайыстарында өз білімдерін көрсетті. Оқушылар «Бәйге» викторинасына қатысып, Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға жақсы жауап берді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.