«Оралхан ойлары – Алашқа аманат»

26.09.2023 ж. Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Оралхан ойлары – Алашқа аманат» атты дөңгелек үстел өтті. «Сөнбес сәуле» атты бейнеролик О.Бөкей туралы қысқаша мәлімет беріп, кешіміздің шымылдығын «Арнау» өлеңмен ашқан №17 мектептің 10 сынып оқушысы, «Жас ақын» үйірмесінің мүшесі Туғанбай Әмірхан. Шарада қаламыздың зиялы қауым өкілдері, оқырмандар, студенттер қатысып Оралхан Бөкей жайлы естеліктер айтылып, оның рухани мұрасының маңызы жайлы пікірлер тыңдалды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде қатысушылар қазіргі уақытта елімізде Оралхан Бөкейдің туындылары ең көп оқылатынына, жазушы стилінің ерекше екендігіне, оның қара жұмыс істеп жүріп, шығармашылыққа дайындалғанына және т.б. көптеген жағдайға тоқталды. М.Қанапиянов атындағы Жоғарғы колледж студентері, «Құс қанат ғұмыр» ақындар үйымының мүшелері Ж.Әбілқас «Кешір інім» атты О.Бөкейдің шығармасын, Е.Жәнібек өз арнауын оқыды. Шараға «Алтайдың ардағы, Алатаудың ақиығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.