«Батырлар жыры — балалардың жүрегінде»

26 қыркүйек күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханасында «Тілтаным» үйірмесі бойынша «Батырлар жыры — балалардың жүрегінде» дауыстап оқу өтті. Мақсаты: Қазақ халықының ертеден келе жатқан ауыз әдебиетін насихаттау, сол арқылы жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін арттыру. Оқушылар «Қобланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» және басқа бірқатар қаһармандық дастандардан үзінді оқып берді. Шараға 24 адам қатысты.

Комментарии запрещены.