«Дін, мәдениет және ізгі қоғам»

2023 жылғы 28 қыркүйек күні Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастырумен Павлодар қаласындағы «Бижан» атындағы мешіттің 100 жылдығына арналған «Дін, мәдениет және ізгі қоғам» атты ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Құрманова Айзада Амангелдіқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғазалиев Арыстан Мəуленұлы және Бижан Шоқыбасұлының ұрпақтары, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері, дін өкілдері, профессорлар мен ғалымдар қатысты.

 

Комментарии запрещены.