«Сұлулық, табиғат және адам туралы»

2024 жылдың 1 сәуірінде Жер күніне арналған Павлодар қаласындағы бейімдеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілері үшін «Сұлулық, табиғат және адам туралы» экология сабағы өтті. Кітапханашы балаларға Халықаралық Жер күнінің тарихы және оның ежелден келе жатқан дәстүрлері туралы айтып берді. Ойын түрінде оқырмандар пайдалы шөптермен танысты, жануарлар мен өсімдіктер туралы жұмбақтарды тауып, ойынға қатысты, «Жұмбақты оқы – жауабын сыз», «Төртінші тақ» т.б. Балалар әртүрлі тапсырманы өте жаксы орындады. Іс-шара әйгілі жазушылар В. Биянки, Н. Сладковтың, К. Паустовскийдің, М. Пришвиннің, Е. Чарушиннің әңгімелері мен ертегілері қойылған «Жануарлар мен құстар кітап беттеріндегі» кітап көрмесіне шолумен жалғасты.

Комментарии запрещены.