«Мейірімді және дана сөздер»

29 наурыз күні «Балалар кітабы және музыка» апталығы кезінде Мүбарак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Павлодар қаласының № 82 арнайы бөбекжай-бақшасы» КМҚК мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне қазақ журналисті, өлкетанушы, мұғалім, ақын М.К. Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Мейірімді және дана сөздер» поэзия сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларды Мүбарак Кәрімұлының белсенді және дархан өмірімен таныстырып, олардың назарына «Мүбарак Жаманбалинов» бейнеролигі мен ақынның өлеңдеріне жазылған  «Ертісім, менің Ертісім», «Әйгілік аудан – Ертісім» әндерін ұсынды. Іс-шарада ақынның «Шуақты күн» жинағынан келесі өлеңдері оқылды: «Сурет», «Ақымақ аю». «Балалар оқиды» поэтикалық композициясында бөбекжай тәрбиеленушілері ақынның «Екі буын «ма», «Қартайған», «Менің көзім түймедей», «Тоқылдақ дәрігер»  «Суықторғай» сияқты өлеңдерін оқыды.

Комментарии запрещены.