«Ашық көңілмен кітапты оқы!»

1 сәуірде № 43 орта мектептің 1-сынып оқушыларына Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Ашық көңілмен кітапты оқы!» әдеби мереке өткізілді. Кітапханашылар балаларға 1967 жылдан бері жыл сайын 2 сәуірде бүкіл әлемде тойланып келе жатқан және барлық заманның ұлы ертегішісі Х. Х. Андерсеннің туған күніне арналған мереке туралы айтып берді. Кітап – дүние ғажайыптарының бірі. Кітап — дос. Кітап біздің өмірімізге кішкентай кезімізден еніп, әлемді тануға, түсінуге және сүюге үйретеді. Балалар кітап туралы тақпақтар оқып, кітап туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жұмбақтар шешті. Ал Кітап ханшайымы кітапты қалай ұстау керектігін, оны қалай бағалап, қалай күту керектігін айтып берді. Шараға орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.