Спорттық шоу «Кел ойнайық, балалар»

7 маусым күні П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада  №35 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға арналған Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кел ойнайық, балалар» спорттық шоу бағдарламасы өткізілді. Мерекелік іс-шара балалардың спортпен айналысуына, ұлттық ойындарды насихаттауға арналды.

Кітапхана қонағы «Ким Сонг Су» таэквондо мектебінің жаттықтырушысы Қозыбақов Мейрам өз спорт мектебі жайлы таныстырып өтті, шәкірттері Боздаева Арай мен Қайырбек Нұрай спорттық шеберлігін көрсетті. Спортшылар өз жетістіктері жайлы баяндап берді. Сонымен қатар шараға «Дамиар» би ансамблі шақырылды. Олар ұйғыр биін орындады. Оқушылар  интеллектуалды және шапшаңдық пен ептілікке қүрылған ойындарға белсенділікпен қатысты.

Спорт тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 20 бала қатысты.

Комментарии запрещены.