«Менің елімнің рәміздері»

5 маусымда Павлодар ауылының көпшілік және балалар кітапханалары №45 мектептің жазғы демалыс лагеріндегі балаларға  Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған «Менің елімнің рәміздері» атты білім сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың еліміздің рәміздері туралы білімін толықтыру.

Кітапханашы Гүлнара Тлеуқабылқызы Шокубаева балаларға қазақ халқының мыңдаған жылдарға созылған тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына тоқталды. Көп қиындықтан кейін, 1991 жылы бүкіл әлемге қазақ елі өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл – біздің туған жеріміз, Отанымыз. Осы жерде қазақ халқы ежелден өмір сүріп, мал бақты, егін екті, Отанын сыртқы жаудан қорғады. Бабалар өз ұрпақтарына кең байтақ жерін сақтап қалды.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы және Әнұраны бар. Олар – елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің нышандары. 1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде тарихта қалады.

Шара барысында балалар әрбір рәміздің авторы, ондағы түстер мен бейнелер нені білдіретіні, оларды  әрбір азаматтың білуі және қастерлеуі керектігі туралы білді. Кітапханашы  Гүлнара Асхатқызы Серғазина ұйымдастырған викторинаға балалар белсене қатысып, бүгінгі тақырып бойынша не білетіндерін білдірді және кітап көрмесіндегі басылымдарды тамашалады. 50 адам қатысты.

Комментарии запрещены.