«Спорт әлеміндегі қызықты оқиғалар»

№3 көпшілік кітапханасының кітапханашылары «SUNQAR» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 18.01 күні «Спорт әлеміндегі қызықты оқиғалар» маман күнін өткізді. ФОК қызметкерлері үшін «Спорт журналдар мен кітаптар беттерінде» атты көрме ұйымдастырылып, онда жаңа әдебиеттер, газет-журналдық материалдар мен мультимедиялық басылымдар ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар өздерінің кәсіби қызметтері үшін көптеген пайдалы ақпараттар алды.

Комментарии запрещены.